М??алімдер к?ніне сценарий


Қызылорда облысы, Қазалы ауданы
Жалаңтөс батыр ауылы, Қ. Пірімов атындағы № 103 орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі Карабекова Лаура Бибитовна

Музыка ырғағымен оқушылар ортаға шығады. Ұстаз туралы шығарған өлең жолдары оқылады.

1 - жүргізуші:
Білімнің кәусәр бұлағын,
Жүресің құйып санама,
Біз үшін сенсің - мұғалім,
Ұстаз да, ғылым дана да.
ӘН: Ұстазым

2 - жүргізуші:
Қыр сырын зерттеп заманның,
Ұлылығын айтып бабамның
Өнерге өріс беретін,
Барометрі сенсің адамның
Ортаға мың бұралған бишілер шығып «Қамажай» биін билейді.

1 - жүргізуші:
Сағыныш сазы толқытқан,
Арнамақ сөздің мәйегін.
Шәкірттерін оқытқан,
Келіп тұр жолдап сәлемін
Құттықтау сөз бүлдіршіндерге беріледі, әсем ән орындалады.

2 - жүргізуші:
Көзге ыстық көрінер,
Оқулығы, партасы
Оқу қызық болғаны,
Мұғалімнің арқасы.

1 - жүргізуші:
Ақыл, білім көп бердің,
Анамдайсың мектебім
Сенде өсіп көктедім,
Сенсің өмір көктемім.
Екеуі хормен: Алғыстарым көп менің
Асыл анам – мектебім!
ӘН орындалады

1 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар, біз сіздер оқытып жүрген барлық пәндерді ардақтаймыз, сөздеріңді ықыласпен тыңдап, пән атауларына зер салып оқып үйреніп жүрміз. Жан - жақты білім бергені үшін ұстаздарымызға айтар алғысымыздың шегі жоқ.
( Ортаға жеті оқушы шығады қолдарында шарлары бар)
М - мейірімді
Ұ - ұлағатты
Ғ - ғазиз
А - ақылды
Л - лайықты
І - іскер
М - маман

2 - жүргізуші:
Мұғалім, ғазиз мұғалім,
Сарқылмас мәңгі бұлағым
Ұланың бүгін тойыңда,
Арнайды саған бұл әнін.
Әсем ән орындалады

1 - жүргізуші:
Бірге өсіп, ен жайлаған ұл менен қыз,
Асыға сәлем жолдап жүректен біз.
Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,
Сіздерге тарту етіп ұсынамыз.
Би орындалады.

2 - жүргізуші:
Оқытыңдар, ұл - қызым, деп,
Күлімдеген ұстаздар.
Ән арнадық арнайы
Тағзым ете, ұстаздар.

1 - жүргізуші:
Қара сөздің дауылы,
Құрмет еткен ауылы
Екеуі хормен:
Сыйымызға риза бол,
Мұғалімдер қауымы!

2 - жүргізуші:
Мұғалім мен ұстазда бар айырма,
Ұстаз деген - жақсы әндегі қайырма.
Мұғалім, ол - бар болғаны ма мамандық,
Жеткенінше жеті өнерлі шайырға.

1 - жүргізуші:
Ұстаз деген - ұлағаттың шайыры,
Қадірінің тиетұғын қайыры.
Ұстаз деген - шуағы мол шапағат,
Шаршамайтын, шалдықпайтын, тәйірі.

2 - жүргізуші:
Ұстаз деген - ұстаз болып туғандар,
Ұлылықты ұлықтаған имандар.
Ұрпағының ертеңіне жол ашып,
Өмірінің кніне әр шақтарын қиғандар.

1 - жүргізуші:
Қимағандар — ұстаз емес, мұғалім,
Мұғалім боп, ұстаз болмау күнә, мың.
Қара тақта, ақ бор ғана қолданып,
Ұстатты ұстаз дүниенің құлағын.....

2 - жүргізуші:
Жақсы ұстаздың шын мәңгілік пайдасы,
Өзіне обал арзан дәріс, айласы.
Ұстаз болу бақыт, әрі абырой
Ұстаз деген – шәкірттердің айнасы.

Қорытынды бөлім.


Источник: http://bilimdiler.kz/bastaush/1285-ustaz-tarbie-sagaty-ustazdar-kunine-arnalgan-kesh-scenariyi.html


Закрыть ... [X]

9 мамыр жеіс кніне арналан сценарий - азаша Пожелания день рождения один год


М??алімдер к?ніне сценарий Стаздар кніне арналан мерекелік сценарий
М??алімдер к?ніне сценарий Стаздар кні! Малімдер кніне арналан азаша
М??алімдер к?ніне сценарий Стаздар кніне сценарий / Мдениет, нер, дстр
М??алімдер к?ніне сценарий Стазым, лаатым, стаздар кніне арнала сценарий
М??алімдер к?ніне сценарий Малімдер кніне жасы сценарий, ойындар, зіл
100 идей для подарков мужчине на Новый Год или другой праздник Форум Афоризмы о свадьбе Конкурсы на день рождения Красивые пожелания хорошего, удачного дня Новости - МОУ Методический центр г. Иванова Поздравления с 18 летием, прикольные поздравления Поздравления с пенсией в стихах, смс и прозе Поздравления с юбилеем 55 лет СМЕРТ ь / потеря близкого человека Стихи

Дата: 18.08.2017, 10:53 / Просмотров: 43352